Түркістанда полицейлер жасырын цехты анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.

Нәтижесінде полицейлер төрт ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы, деп жазады Polisia.kz

Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Ұнтақты заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни “Ariel”, “Миф”, “Tide” және “Persil” сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі