Ғани Мұрзаханов Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Сурет: Алматы әкімдігі
Ғани Мұрзаханов Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы 1 қарашада Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ғани Мұрзаханов Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды, делінген хабарламада.

Ғани Мұрзаханов 1966 жылы 15 желтоқсанда Қазақ КСР-де дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын бітірген.

1991 жылдан 1995 жылға дейін «Стройпроект» Алматы ғылыми-зерттеу институтында керамикалық материалдар зертханасында инженер-технолог болып жұмыс істеді.

1995-1999 жылдары «Жамбыл жолдары» АҚ бас инженері, бастығы.

1999-2008 жылдар аралығында «Жуалы жол сервис», «Прогресс фирмасы» ЖШС, «Прогресс корпорациясы» қауымдастығы, «Тау-Кен» ЖШС жетекші қызметтерін атқарған.

2008-2016 жылдары Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2011 жылдары «Алматы Тазалық» МКҚК-ны басқарды.

2021-2022 жылдары Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін