Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды

Сурет: polisia.kz
Бұған дейін 4 қаңтарда Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған.

Оның дәлелі – сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, зорлау фактісін растайтын дәлелдер, деп жазады, Polisia.kz

Жәбірленушілердің дене жарақаттары болды. Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазды. Астрахан полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ПБ тергеушісі Ж.Такенова атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданды.

2022 жылғы 14 қазанда Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады