Бас прокуратура казинода ойнайтын шенеуніктерге қатаң шара қолдануға уәде берді

Сурет: pixabay
Сенат отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев шенеуніктер ойынханаға жұмсаған ақшаның қайдан шыққанын мемлекеттік органдар тексеріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері бұл мемлекеттік қызметкерлердің осыншама ақшаны қайдан алғанын Бас прокуратура тексере ме деп сұрады. Расында да, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы 307 мемлекеттік қызметкердің ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған болатын.

Иә, желіде осындай ақпарат бар, әрбір факті бойынша қызметкерлері осы хатта көрсетілген тиісті мемлекеттік органдар тексеру жүргізеді, оның ішінде сіз көтерген мәселе бойынша. Тексеру қорытындысы бойынша ең қатал шаралар қабылданады деп ойлаймын. Әсет Чиндалиев

2022 жылдың 19 қазанында Алматы облысындағы казинода мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңге жоғалтқаны белгілі болды.

Қарашаның 2-сі күні Ішкі істер министрлігінің басшысы оның ведомствосы шенеуніктердің ойынханаға жұмсаған ақшасының шығу тегін тексеріп жатқанын хабарлады.

Тиісті тексеруді де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді