Қазан айының басынан бері 764 мың тұрғынға тұмау тиген

Сурет: pixabay
Қазан айының басынан бері 764 мың тұрғынға тұмау тиген. Жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың көбі Қызылорда облысында тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ елімізде тұмау вирусының екі штаммы қазір кең тарап жатыр. Әсіресе жұқпалы ауру балалар арасында да өршіп тұр. Жыл сайын тұмау маусымы қазан-сәуір айында өтеді.

Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцинация. Биыл бюджет қаражатына Ресейде өндірген "ГРИППОЛ" вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Қазақстанда халықты тұмауға қарсы вакцинациялау қазан айының басынан бастап жүргізіліп жатыр. Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 1 806 710 адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді. Роза Қожапова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қазақстанда қазақ тіліндегі сапалы контентке сұраныс қарқынды өсіп келеді

Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы медальға таласады