Алматыда метроға кіреберісті су басты

Метрополитен, метро, общественный транспорт, работники метро, станции метро, станция метро , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 10:34 Фото: unsplash
Алматыда 2026 жылғы 11 қарашада нөсер жаңбыр салдарынан метро станцияларының біріне кіретін жолды су басып, жолаушылардың өтуі қиындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан Абай даңғылының Жароков көшесі мен Гагарин даңғылы арасындағы бөлігінде орналасқан "Алатау" станциясына түсетін жолға су жиналғанын көруге болады.

Метрополитеннің баспасөз қызметі қалалық су бұру желісі толып, Абай даңғылының төменгі жағында орналасқан "Алатау" станциясының солтүстік жаяу жүргіншілер өткелін су басқанын түсіндірді.

"Қазір метрополитеннің ВАСС қызметінің мамандары жиналған суды сорғызып, аумақты тазалап жатыр. Су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. "Алатау" метро станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға қызмет көрсетуге шектеу қойылған жоқ", – делінген хабарламада.

Алматыда қатты жаңбыр 10 қараша күні кешке басталды. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады. Қаланың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, жоғарғы бөлігінде сулы қар түсуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: