Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде президент кез келген мәселені келіссөздер мен диалог арқылы шешуді – жақсы әдетті қалыптастыру керектігін атап өтті.
Оның айтуынша, маңғыстаулықтар қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ел тағдыры үшін жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ол күндері, президент атап өткендей, адам шығыны болмады. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге шабуыл жасалған жоқ.
Бұл өз еліне деген құрметтің тамаша үлгісі. Қасым-Жомарт Тоқаев
Әрине, деп жалғастырды президент, адам өмірі бәрінен де жоғары.
Тоқаев кез келген күрделі мәселені бейбіт жолмен шешуге болатынын атап өтті.
Біз ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да осы қағиданы ұстанамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөз соңында мемлекет басшысы заңдардың әділ, тәртіптің қатаң болуы керектігін атап көрсетті. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда бқл дұрыс ұстаным.
Тұрақтылық пен бейбітшілік болмаса, ілгерілеу болмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев
Сонымен қатар, кездесуде Тоқаев ұлттық мүдделерді қатаң позициядан қорғауға дайын екенін мәлімдеді.