Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 50 ЖКО тіркелді

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысында 8 қараша күнгі көктайғақ пен таңғы қар жауу салдарынан қала ішіндегі жолдар мен қала сыртында бірнеше жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тек тәулік ішінде қала орталығында 50 жол-көлік оқиғасы болып, онда 17 адам әртүрлі жарақат алды.

Сағат кешкі 20.00 шамасында 30 жастағы Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі Университет көшесінен Бұқар Жырау даңғылына бағыт алып бара жатып, реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп жазады polisia.kz.

Қарағанды – Қарқаралы тас жолындағы тайғақ салдарынан араға 8 сағат салып екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мәселен, сағат 09.50 шамасында аталған тас жолдың 195-шақырымында Ravon Nexia автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жолдың қарсы бағытына шығып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Ravon Nexia автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, аталған көліктің 61 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Сағат 18.26 шамасында Шешенқара – Ащысу тас жолында Lexus және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан 62 жастағы Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынында қайтыс болды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев.

9 қараша күні түнгі сағат 01.30 шамасында Шахтинск – Қарағанды тас жолында ВАЗ-217230 автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол қоршауына соғылып, кейін аударылған. Жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандар жоқ. Барлық фактілер полицияда тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ауа райының тұрақсыздығынан, сондай-ақ жолдың тайғақ болуына байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін асырмай, қарапайым жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің назарына жол өткелдерінен өту кезінде сақтық шараларын сақтап, белгіленбеген жолдан өтпеулеріне баса назар аударуын ескертемін, – деді Қуаныш Зәрубаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады