Президенттікке үміткер Қарақат Әбден үгіт-насихат видеосын жариялады

Сурет: Facebook/abdenova.karakat
10 қарашада президенттікке үміткер Қарақат Әбден Facebook парақшасында видео жариялады. Бейнероликте Әбденнің далада атқа мініп бара жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейне жазбасында Қарақат Әбден: «Атпен жүрген-еркіндік. » деп атап өтеді.

«Қазақ сол еркіндікті сезіну үшін атқа мінген. Мен де сол». Қарақат Әбден

Ол: «Біз бақытты халықпыз, кең даланың, асқар таулардың иесіміз. » деп қосты.

Оның айтуынша, осы байлықты келесі ұрпаққа табыстау, бізге сын.

"Ердің де, елдің де тағдырын шешетін басты тұлға - қазақ әйелі. Қазақтың қызы - ел айнасы", - делінген хабарламада.

"Мен Қарақат Әбден. Маған дауыс беріңіз", - деп қорытындылады Қазақстан президенттігіне кандидат.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты