Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

Сурет: gov.kz
Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада Сәбит пен Маралдың отбасында Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлер назарында жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болды.

«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!» - деді үшемнің анасы Марал Соппек.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін