Қызылорда облысында 7 балабақша апатты жағдайда тұр

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы, Қазалы қаласында балабақша автобаздың мекемесінде орналасқан. Тіпті, тозығы жеткен нысан 10 жыл бұрын апатты деп танылған. Соған қарамастан 90 бүлдіршін әлі күнге дейін ескі ғимаратта тәрбиеленіп жатыр.

Екі қабатты ғимарат 1958 жылы автобаз жұмысшыларына арнап салынған. Кейін 90 жылдардың бедерінде ескі нысан балабақшаға беріліпті.

Содан бері, ауыл балалары осы жерден тәлім-тәрбие алып келеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгінде балабақшада жас ерекшелігіне қарай төрт топ бар. Әрқайсында 20-25 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Бізде асхана жоқ. Асхана бөлек орналасқан. Балалардың жүріп-тұруына көп кедергілер бар. Рабиға Көптілеуқызы, балабақша меңгерушісі

Осыдан 10 жыл бұрын апатты деп танылған балабақшаның мәселесіне жергілікті билік биыл көңіл бөлді. Қазір 140 орындық бөбекжай бой көтеріп, жаңа нысан жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.

2012 арнайы сарапшылардың қорытындысымен апатты деп танылған. Содан бері бұл мәселе көтеріліп келіп, биыл міне шешімін тауып отыр. Құрылыс жұмыстары қазір толығымен аяқталып тұр. Тек ішіндегі кейбір заттарының келуін күтіп отырмыз. Алдағы жақын күндері жаңа балабақшаға көшеміз деген жоспар бар. Ержан Төлегенов, аудандық білім бөлімінің әдіскері

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күні 7 балабақша ғимараты ескіріп, тозығы жетіп тұр. Жергілікті әкімдік алдағы үш жылда апатты жағдайдағы бөбекжайлар мәселесін толық шешуді межелеп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты