Павлодарда өрт шыққан үйден 5 адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарлық өрт сөндірушілер үш бірдей баланы жанып жатқан пәтердің ішінен алып шықты.

Ал денесін күйік шалған 36 жастағы ер адам мен 1995 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Олардың халі ауыр дейді құтқарушылар. Тілсіз жау өткен түні қаладағы төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан.

Салдарынан екі бөлмелі пәтер түгі қалмай жанып кетті. Үйдегі адамдарды құтқаруға барын салған мамандар есіктен кіру мүмкін болмағандықтан, қауіп-қатерге бас тігіп оларды терезеден шығарып алды.

Өрт сөндірушілер жеткенше осы үйде тұратын 10 адам пәтерлерін тастап далаға шыққан. Ал жанып жатқан пәтер ішіндегі адамдардың әрекет жасауға дәрмені жетпеген. Қатты шошынған. Жалынды тұмшалауға 8 арнайы көлік, 34 адам жұмылдырылды. 1 сағаттың ішінде сөндірдік. Берік Сәулебаев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі