Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Павлодар қаласының көшесін патрульдеп жүрген полицейлер қызық кейіпкерді кездестірді.
Патрульдеу кезінде біз Кривенко көшесімен келе жатқан жас жігітке назар аударды. Оның қолында балға тәрізді зат болған. Әріптесім екеуміз оны тоқтатып, балға туралы сұрап, оның жеке басын анықтадық. Ол 30 жастағы павлодарлық болып шықты. Оның айтуынша, ол бұл балғаны интернет-дүкеннен сатып алып, оны аксессуар ретінде пайдаланған, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Рамазан Сағындықов.
Полицияда жігітпен заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді және ол босатылды. Өйткені мамандардың қорытындысы бойынша бұл өнім суық қару емес, киімге арналған аксессуар.
ТОР – Marvel Comics комикстерінің батыл қаһарманы. Кейіпкер неміс-скандинав мифологиясындағы найзағай құдайының бейнесіне негізделген.
Айта кету керек, өткен тәулікте батальон полицейлері 90 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 63-і қоғамдық қауіпсіздікті бұзу бойынша, ал 27-сі – жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі.