Талдықорғанда бомба туралы жалған ақпарат берген ер адам сотталды

Сурет: ҚР ІІМ
16 тамызда Талдықорған полициясының Жедел басқару орталығына облыстық Полиция департаменті әкімшілік ғимаратының біріне салынған жарылғыш құрылғы туралы анонимді қоңырау түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz жазған ақпаратқа сай, қоңырау жалған болып шықты. Саперлер қызметтік-іздестіру иттерімен іздестіріп, ғимарат ішінен ешқандай жарылғыш құрылғы таппады.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер сол күні 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан анонимнің жеке басын анықтай алды.

Мас күйінде қоңырау шалған ер адам ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді.

Іс жүзінде ҚР ҚК-нің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) көзделген тергеу амалдары басталды.

Нәтижесінде Талдықорған қалалық сотының үкімімен күдікті тұлға кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлеу жұмыстарына сотталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды