Жаңа салынған газ-химия кешенінің мұржасынан шыққан жалын атыраулықтарды шошытты

Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Атырау облысында 2022 жылғы қараша айының басында іске қосылған жаңа газ-химия кешенінің мұржасынан шығып жатқан жалынның видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео kozachkow Telegram арнасында жарияланды.

Осыған орай Zakon.kz редакциясы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. ЖШС баспасөз қызметіне сауал жолдады.

"Күрделі жабдықты, пропилен компрессорын реттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2022 жылғы 30 қарашада сағат 14:45-те аз уақытқа, мамандардың бақылауымен пропилен алауы жағылды. Өйткені, алау қондырғысына жіберілетін газ күкірттің нөлдік құрамы бар 99,8% таза пропилен және оның қосылыстары, жану нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзіледі", – деді KPI Inc.

Компания бұның "қоршаған ортаға теріс әсері жоқ" екенін айтты.

"Қазір пропилен алауға жіберіліп жатқан жоқ". KRI Inc. баспасөз қызметі
Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті