Өскемен қаласы қалың қар құрсауында қалды

Сурет: видеодан алынды
Соңғы алты жыл ішінде Өскемен қаласына қалың қар түсті. Үш күн бойы тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы бір жарым метрге жеткен. Жолдарда көлік қозғалысы шектеліп, ал оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір облыс орталығындағы көшелерде қозғалыс қиындаған. Тұрғындар аулада қалған көлігін қозғай алмай, қалың қарда омбылап жүр. Ал күшейтілген режимге көшкен коммуналдық қызмет жолдарды ақ ұлпадан тазартып үлгере алмай жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Себебі, қардың қалыңдығы қазірдің өзінде бір жарым метрге жуық. Сондықтан құтқарушылар жұртты барынша сақ болуға шақырды. Ал Қазгидромет мамандары алдағы күндері аяз қысып, көктайғақ болады деп болжап отыр.

Айта кетсек,  аязға байланысты еліміздің үш өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған болатын. 

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады