Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні мерекелік күн ретінде белгіленуі мүмкін

Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізбесіне толықтырулар енгізетін Қазақстан үкіметінің қаулысы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мерекелер тізімін екі датамен толықтыру ұсынылып отыр:

Құжат 28 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында  жарияланды.

Құжаттың түсіндірмесінде жазылғандай, Қаржылық мониторинг органдарының кәсіби мерекесін белгілеу қызметкерлер мен жұмыскерлерді жалпы командаға біріктіруге, сондай-ақ ортақ іске қатысуға, орындалатын жұмыстың маңыздылығын арттыруға бағытталған.

1988 жылы Женева келісіміне қол қойылғаннан кейін Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады. 1989 жылы 15 ақпанда оның аумағынан 40-армия бөлімшелерінің соңғы колонналары мен шекара әскерлерінің барлық арнайы бөлімшелері шықты.

Ауғанстандағы әскери қақтығысқа 22 296 қазақстандық қатысты. Қазір Қазақстанда 15 мыңнан астам жауынгер-интернационалист тұрады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: