Синоптиктер сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, Қазақстан Республикасының солтүстігінде аздаған қар жауады. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді."Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктенкүші 1-6 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -16...-18°С, күндіз -8...-10°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +1...+3°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +7...+9°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді