Демалыс күндергі ауа райы болжамы: Жаңа жыл қарсаңында Алматыда қар жаумайды

Синоптиктер демалыс күндергі еліміздің үш мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Алматыда жаңа жыл қарсаңында қар жаумайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 31 желтоқсанда Алматыда жауын-шашын болмайды, оңтүстік елорда тұрғындары жаңа жылды қарсыз қарсы алады.

Астана

31 желтоқсан — елордада күн бұлтты, қар жауады, күндіз -3...-5°C, түнде -7...-9°C. Түнде соққан желдің екпіні - 3-8, күндіз 9-14 м/с құрайды.

1 қаңтар —  қар жауады, күн бұлтты, күндіз сынап бағаны -8...-10°C, түнде -13...-15°C көрсетеді. Соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ға жетеді.

Алматы

31 желтоқсан - оңтүстік астанада күн құбылмалы, аспан бұлтты, сынап бағаны күндіз +1...-3°C, түнде -3...-5°C көрсетеді. Ақырын соққан желдің екпіні 0-5 м/с құрайды.

1 қаңтар - күн бұлтты, аздап қар жауады деп күтіледі, күндіз ауа температурасы 0...-2°C, түнде -5...-7°C болады. Ақырындап соққан желдің екпіні - 0-5 м/с.

Шымкент

31 желтоқсан — оңтүстік мегаполисте күн райы бұлтты, қар жауады, сынап бағаны күндіз +1...+ 3°C, түнде 0...-2°C болады. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с.

1 қаңтар — Жаңа жылды шымкенттіктер құбылмалы ауа+райымен қарсы алады, сынап бағаны күндіз 0...+ 2°C, түнде -3...-5°C көрсетеді. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с.

Алматы Шымкент Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: