Қазнет қолданушыларын тәнті еткен павлодарлық өрт сөндіруші мапаратталды

Сурет: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті
Павлодар қаласында тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде жанкештілігімен қазнет қолданушыларын тәнті еткен өрт сөндіруші Марлен Әбенов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен өрт кезінде адам өмірін аман алып қалудағы ерен еңбегі үшін Павлодар қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Марлен Әбенов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" белгісімен марапатталды.

Марлен Әбеновке марапатты Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Шаймарденов табыс етті. 

Желтоқсанның 28-і күні павлодарлық өрт сөндіруші Марлен Әбенов өрт сөндіру кезіндегі әрекетімен Қазнет қолданушыларын сүйсінтті. Ол Ломов көшесіндегі үйден шыққан өрт кезінде адамдар мен мүлікті құтқаруға белсене қатысқан. 


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды