"Наша газета" балысымының жазуынша, судья Елена Лимар қылмыс құрамының жоқтығына байланысты әкімшілік істі тоқтатты.
"Мен бұл қалжың екенін түсіндім, бірақ келесі жолы абай болыңыз. Ал әкімшілік іс қозғамас бұрын, оны саралап алу керек. Кімнің тыныштығы бұзылды? Мейрамхана жұмыс істемей тұрды", – деді судья сот отырысынан кейін Абрамов пен тергеушіге.
Тергеуші арыз Қостанайдағы McDonald's директорының орынбасарынан түскенін айтты.
2023 жылғы 7 қаңтарда Қостанайда полиция қызметкерлері McDonald's фастфуд мейрамханасының ғимаратына аза тұту гүлін қойған ер адамды ұстағаны белгілі болды. Ұсталған азаматтың үстінен "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.