Астана әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылы Крещение мерекесі рәсімі 18-19 қаңтарда Астананың барлық православие шіркеуінде өтеді. Олар Успен кафедрал соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
Жаппай шомылуға арналған ойықтар
- Есіл өзеңінің оң жағалауында;
- Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ауданында;
- "Гранд Алатау" ТК;
- сол жағалаудағы "Астана" саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.
Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін істейді. Сонымен бірге жаппай шомылу 19 қаңтар 08:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.
Діни рәсімді Астананың төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері қадағалайды. Бұл күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.
"Астана тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және шомылу кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырамыз. Сонымен бірге қауіпсіздік ережелері туралы және шомылуға арналған орындарды мыналарды есте ұстаған жөн: купельдің жанында 3 адамнан артық тұрмау керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Егер шомылу кезінде денсаулығыңыздың нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнында кезекші дәрігерлерге хабарласуға кеңес береміз", - деп жазды Астана әкімдігі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Крещение мерекесіне орай суға түсуге болатын орындарды және уақытты хабарлаған едік.