СІМ: Италияда қаза тапқан қазақстандық бойжеткеннің денесі апта соңына дейін елге жеткізіледі

Сурет: nu.edu.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі брифингте Италияда қайтыс болған Салерно университетінің 27 жастағы докторанты Әсем Жарбосынның мәйіті Қазақстанға апта соңына дейін жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарымызға Сыртқы істер министрлігі тарапынан қаржы бөлініп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, форс-мажор немесе күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда барлық шығынды мемлекет өтейді.

"Естеріңізде болар, өткен аптада қайғылы оқиға орын алды. Біздің азаматымыз көліктің астына түсіп қайтыс болды. Туыстарының өтініші бойынша қазір мәйітті Қазақстанға жеткізуге мемлекеттен қаржы бөлініп жатыр. Құжаттар жақын арада реттеледі, менің ойымша, аптаның соңына дейін қаза тапқан бойжеткеннің денесі Қазақстанға жеткізіледі". Айбек Смадияров

17 қаңтарда Италияда Салерно университетінің 27 жастағы докторанты Әсем Жарбосын көлік қағып кетіп, қайтыс болды. Верди театрының жанында қызды 20 жастағы Peugeot 308 жүргізушісі қағып кеткен.Жас жігіт тоқтап, дәрігерлерді шақырған. Сондай-ақ ол алкогольдік сынақтан өтті, ол теріс нәтиже көрсетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі