Жас жігіт пікірлес адамдар тобымен бірге Grafen (https://grafen.kz/) цифрлық өнімін әзірлеп шығарды. Grafen – білім беру орталықтарына, компаниялар мен ақпаратты бизнесмендерге арналған бірегей платформа, ол жеке видеооқулықтарды жүктеуге және сатуға мүмкіндік береді. Платформа нақтылы уақытта тұсаукесер көрсетілімдерді таныстыруға және онлайн-оқытулар өткізуге мүмкіндік береді.
"Көптеген IT-жобалар сияқты платформа құру туралы ой пандемия кезінде туған болатын. Ол кезде өзімнен кіші інім екеуміздің оқыту орталығымыз бар болатын, көп ұзамай ТЖ режимінен соң және қашықтықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін бізге жедел түрде онлайн нысанына қайта көшуге тура келді. Бастапқыда біз ZOOM арқылы оқытып жүрдік, алайда, қолданбалардың шекті қызметтері біздің көңілімізден шықпады, ал нарықта біз қажетті платформаны таба алмадық. Осы сәтте, біз өзіміздің пайдалы өнімімізді ойлап табуды шештік", – дейді Саят Нұрлы.
Оның айтуынша, жобаны құру кезінде халықаралық IT-компаниясымен ынтымақтастық тәжірибесі көп көмектескен. Креативті әзірлеушілер тез арада топ құрып, дайындық процессін бастап кетеді.
«Бізге алғашқы өнімді шығаруға және тестілік режимде жұмысты бастау үшін 1 жыл керек болды. Әрине, өзекті мәселелер болды, бірақ біз үміт үзбей, жұмысты жалғастырдық», – деп түсіндірді ол.
Сол кезде Саяттың інісі әрі серіктес әріптесі оған Qoldaý кәсіпкерлік орталығына жүгінуді ұсынған.
"Бұл күтпеген жағдай болды, біз мемлекеттік қолдау көрсетудің іс жүзінде қалай болатынын білмедік. Алайда, орталықтың қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жедел жүргізді әрі бизнес-жоспар құру қызметін тегін көрсетті және көмектесті, сондықтан біз оларға өте ризамыз. Нәтижесінде біз жасаған жобамыз үшін қажетті техника сатып алуға 4 млн. теңге ұтып алдық", – деді Саят.
Бүгінде, Grafen отандық платформасында 1 мыңнан астам белсенді пайдаланушылар тіркелген, олар ыңғайлы уақытта оқиды және алған білімдері бойынша әлемнің кез-келген түкпірімен байланыса алады.