Алматыда фильм түсіріліміне байланысты бірнеше автобустың бағыты өзгереді

Сурет: Zakon.kz
Алматы көлік холдингінің ақпараты бойынша, 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпанға дейін 08:00-ге дейін көркем фильм түсіріліміне байланысты №№45, 95, 121 бағыттардың сызбалары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
№45 - шығыс бағытта - Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Желтоқсан көшесі - бұдан әрі сызба бойынша;

№95 және № 121 – шығыс бағытта - Сәтбаев көшесі – Желтоқсан көшесі - Абай даңғылы - Достық даңғылы - бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі сызба бойынша;

Фильм түсіріліміне байланысты 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпанда 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылады. 
"Бұл жерде пиротехниканың, түтіннің және көпшіліктің көмегімен түсірілім болады, сол себепті қатты дыбыстар шығып, түтін болуы мүмкін. Фильмді шығаруға жауапты Компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын ескертеді және ықтимал қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан алдын ала кешірім сұрайды".Алматы әкімдігі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді