Ресейде коронавирус жұқтырғандар 4 есе көбейді

Сурет: pixabay
Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Бір күнде 15 мыңға жуық адамда инфекция анықталған.

Мектептерде сабақ қайтадан қашықтан оқыту режиміне ауыстырылып, кей компаниялар да онлайн жұмыс істеп жатыр.

Жалпы Ресейдің 34 өңірінде ауру күшейе түсті. Мамандар мутацияланған вирустар өкпенің қабынуына алып келетінін, сонымен қатар жұқтыру көрсеткіші өзге штамдарға қарағанда 60 пайызға жоғары екенін айтады, деп  жазады qazaqstan.tv.


"Шынымды айтсам, індеттен шаршадым. Маска тағып, сақтық шараларын қайтадан қолға алдым. Вакцина салып, біраз ауырмап едім, енді уайымдап жүрмін. Айналамдағы адамдардың бәрі ауырып жатыр." Ксения Вешкурцева, қала тұрғыны.

Айта кетейік, коронавирустың «кракен», «цербер» деп аталатын штамдары да Ресейге жетті. Ал бұл штамдарға қарсы вакцина әзірге шығарылмады. Инфекция дес бермесе, карантиндік шаралар қайтадан күшейтілуі мүмкін.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін