Елордада сатирик Көпен Әмірбектің бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды

Сурет: pixabay
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам-қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға марқұмның үзеңгілес достары, әріптестері мен басқа да белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. 500 данамен басылып шыққан туындының бірінші томында сатира жанрындағы дүниелер топтастырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Екінші томы Көпен Әмірбектің әр жылдардағы сұхбаттарына құрылыпты. Ал III-IV томында «Жол жөнекей» атауымен, қаламгердің жазған шығармалары, бесінші том «Фотоальбом» болып жинақталған.

"Көпекеннің шығармашылығына келетін болсақ, мектепте жүргенде бастады. Мен туған інісі ретінде айтайын. Шынында да сол ағамызға қарап, сол сатира саласына бет бұрдым. Бүгін ағамыздың бес томдық кітабының таныстырылымы болып жатыр. Өзі көзі тірісінде көріп кетті. Жүйелі жұмыс жасады. Өзі ауырып жүрседе, дені сау адам мұндай жұмыс жасай алмайды." Базарбек Әмірбекұлы, Көпен Әмірбектің інісі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент