Жаңаарқа теміржол учаскесінің бірқатар қызметкері қамауға алынды

Қарағанды облысындағы Жаңаарқа теміржол учаскесінің бастығы мен орынбасары және жергілікті желі полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың кейінгі екі жылда теміржолды жаңартуға арналған 800 тоннаға жуық материалды ұрлап, сыртқа сатып жібергені анықталды.

Қылмыстық топтың құрамында 17 адам болған. Арасындағы желілік полиция бөлімінің бастығы олардың қылмысын жасырып пайдаға ортақтасқан. Су жаңа рельстер, шпалдар мен темір төсеніштер ескіргенінің орнына қағаз жүзінде төселіп келген. Іс жүзінде жүк көліктеріне тиеліп жөнелтіліп отырған. Тергеуде  бағалы материалдарды тасымалдаған техникалар мен жүктің жеткізілген жері мен оны сатып алушылар анықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

2023 жылғы қараша мен желтоқсанда теміржолдың осы бөлігінде екі рет апат болды. Оның бірінде ағаш тиеген 14 вагон жолдан шығып кетсе, екіншісінде астық артқан 19 вагон аударылған. Соның салдарынан темір жол қозғалысы тұралап, жолаушылар вокзалдарда тәуліктеп түнеген.

"Қылмыстық топқа ҚТЖ, ҰҚ Қарағанды бөлімшесінің 17 қазіргі және бұрынғы жұмысшылары қатысқан. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған. Алдын ала есептелген шығын 120 миллион теңгеден астам сомаға бағаланады".ҚР Бас көлік прокуратурасының аға прокуроры Самал Сақатова
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: