Ақтөбедегі жол апаты: спорт мектебі директорының орынбасары жауапқа тартылады

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде жаттықтырушы мен тоғыз бала мінген көлік жол апатына байланысты спорт мектебі директорының орынбасары жауапқа тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігімен сараланған. Аталған бап қылмыстық бұзушылықтары туралы Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық бұзушылықтар туралы соттар қарайды. Осыған қатысты заң талабына сай ескеріп сот осындай қаулы шығарып отыр. Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдау қажет".Алға аудандық сотының судьясы Жанар Исаналина

Еске салайық, оқиға былтыр желтоқсанда болды. Таңғы жетіде Темір ауданынан қалаға жарысқа шыққан спортшылар мінген жеті орындық көлік аударылды. 

Рөлдегі спорт мектебі директорының орынбасары қалғып кеткен. Көліктегі 9 баланың біреуі сол жерде қаза тапты. Басқа балалар мен олардың бапкері зардап шекті. Бұған қатысты сот отырысы басталды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады