Еуро, юань және рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 491,23 теңге, юань – 65,34, рубль – 5,66 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден, еуро 487-495 теңгеден, ресей рублі 5,5-5,8 теңгеден сатылуда.
5 сәуірде мұнай бағасы көтеріледі. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 0,41%-ға қымбаттап, 85,29 долларды құрады, WTI мамырдағы фьючерстері 0,37%-ға өсіп, 81,01 долларды құрады.