"Манчестер Сити" - "Бавария": Айдын Қожахметтің ойынға қатысты болжамы

Алда Пеп Гвардиоланың бұрынғы және қазіргі командаларының шайқасы күтілуде. Бұл қарсыластық Чемпиондар Лигасындағы басты шайқастарының бірі болатыны анық, ал маңдайша атауы турнирдің финалына сәйкес келіп тұр.

Жеребе тастаудың қорытындысымен нағыз алыптар финалдың 1/4 кезеңінде бас түйістеретін болады.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойын кездесуіне қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Манчестер Сити"

Сегіз. "Қала тұрғындары" матчтарда дәл осынша рет қаз-қатар жеңіске жетті, оның ішінде басқа неміс клубын бір ай бұрын "Лейпцигті" 7:0 есебімен ойсырата жеңуі де бар. Бүгінде "Сити" басын тік ұстап, айбарлы көрінеді. Команда құрамында үлкен шығындар жоқ, тек қана Фил Фоден жоқ. Бірақ оны ауыстыратын адам бар. Бір сөзбен айтқанда, Гвардиоланың команда құрамы сақадай сай. Ол ұзақ уақыт бойы алға қойған мақсатқа жетуге, яғни Еуропаның басты клубтық кубогын жеңіп алуға ниетті. Әлемде тек 2-3 клуб бұл мақсатқа жетуге кедергі жасай алады дегендей сезім бар. Бірақ, ең алдымен, олар өздеріне өздері ғана кедергі келтіруі мүмкін.

"Бавария"

Бундеслигада мюнхендіктер әдеттегі жеке дара көшбасшылықты қайтарып алды (ұпай санының аз айырмашылығымен болса да), алайда клцб басшылығына команданың Чемпиондар Лигасындағы болашағы ең жарқын болып көрінбеді. Сондықтан Юлиан Нагельсманн жұмыстан шығарылды, ал оның орнына турнирде жақында жеңіске жеткен Томас Тухель келді. Бірақ ол да сиқыршы ретінде танымал болып отырған емес. Оған қоса, кадрлық қиыншылықтары бар: Мануэль Нойер мен Люка Эрнандес ұзақ уақыт бойы жарақаттарына байланысты саптан шығып қалған, ал жақында олардың қатарына негізгі орталық шабуылшы Эрик-Максим Шупо-Мотинг қосылды.

Бірақ "Бавария" " Бавария" болғандықтан, кез-келген қиындықты жеңіп шығады. Сондықтан англиялықтарға ешқандай кепілдік жоқ.

Жеке кездесулер тарихы

Бұл клубтардың бір-бірімен өткізген соңғы 3 матчы ескерілмеуі тиіс, өйткені олар жолдастық немесе жартылай ресми түрде өткен. Алайда, Чемпиондар Лигасында "Сити" мен "Бавария" үш рет бас түйістірген, соңғы рет 2014 жылы болған екен. Әр жолы топтық кезең кезеңінде өтіп отырған, тасталған жеребе оларды плей-оффта кездестірмепті. Қарсыластардың ешқайсысында айтарлықтай айқын артықшылығы жоқ.

Матчқа болжам

Соңғы матчтарда "Бавария" қақпасына көп өткізіп алғанын және "Сити" гол соғуын тоқтатуды жоспарламайтынын ескерсек, Гвардиола командасы барлық мәселелерін бірінші кездесуде шешіп тастауға тырысады деп болжауға тәуекел етемін. Атқа отырған Холландпен бірге бұл іске асатынына сенімдімін. Сондықтан мен "Ситидің" жеке тоталына 1,5 артық деп ұтыс тігепмін. Менің Parimatch-тегі достарым да менің ойымды іске асатын нұсқа деп санайды және оқиғаны 1.69 коэффициентімен бағалайды.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Манчестер Сити" - 1.65, Тең ойын - 4.20, "Бавария" - 5.20


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: