Астанада ер адам кранға шығып, сот шешіміне наразылық білдірді

Cурет: видео скрині
Астанада ер адам кранның басына шығып алды. Оның не үшін мұндай амалға барғанын полиция департаменті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жер дауына қатысты соттың шешіміне наразы болған азамат темір техниканың үстіне шығып әділдік талап етпекші болған. Нақтырақ айтсақ, ол өзіне тиесілі жер телімін 2002-ден 2051 жылға дейін кәсіпкерге жалға беріп, осы аралықта табысының 10 пайызын алып тұруға келіскен.

Алайда алғашқы күннен бастап бизнесмен бұл шарттың талабынан жалтарған.

Ол 2021 жылдың желтоқсанында әкімдік оларды жер учаскесіне құқығынан айырғанын және оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкерге пайдалануға бергенін білген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кранның төбесінен ер-азаматты аман-есен түсіріп алды. Қазір полиция істің жай-жапсарын тексеріп жатыр. Өз өміріне қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның қандай жазаға тартылатыны әзірше белгісіз.

Таяуда ғана осы сынды әрекетке барған астаналық тұрғын бес тәулікке қамалған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды