Смайылов әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол министрлер кабинетінің басты мақсаты – жыл соңына дейін инфляцияны 2 есеге төмендету екенін атап өтті. Ал әрбір жауапты басшыдан, Смайылов атап өткендей, жоғары тиімділік пен толық қайтарым қажет.


"Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру болып табылады.Сонымен қатар, азық-түлік инфляциясының көрсеткіштері бірқатар әкімдіктердің бұл жұмысты тиімсіз жүргізіп жатқанын көрсетеді.Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының 0,1%-ға өсуі байқалды, оның ішінде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда қалаларында – шамамен 0,2%-ға. Осыған байланысты облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторингті күшейту қажет. Сауда үстеме бағасын 15%-дан асырмау үшін алдын ала шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін әкімдіктерде барлық қажетті мүмкіндіктер бар". Әлихан Смайылов

Сондай-ақ, отандық тауардың ішкі нарықтағы үлесін арттыруды, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Қабылданған шаралардың нақты әсерін халық сезініп, көруі керек". Әлихан Смайылов

Ол өңірлерде форвардтық сатып алу, тұрақтандыру қорлары, кері схеманы қолдану, монополияға қарсы және сауданы реттеу шаралары бойынша шаралардың орындалуын ерекше бақылауға алу қажеттігін қосты. Ал жергілікті жерлерде азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайту, сақтау көлемін кеңейту, логистика, өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруда бизнеске мүмкіндігінше көмектесу.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, барлық өнімдер емес, көбісі қымбаттайды. Бәлкім, бұл жанар-жағармайдың қымбаттауы мен жаңа өнімге байланысты шығар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды