26 сәуір күні еліміздің кей өңірінде қатты жаңбыр жауып, үсік жүреді

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 26 ​​сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батысында атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады деп болжанды", – деді синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде 2-7 градус үсік сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +22+24°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +20+22°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +26+28°С.

Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі