Астанада хирургтар сирек кездесетін Рапунцель синдромы бар науқасқа операция жасады

Іш ауруы мен жүрек айнуына шағымданып келген Астана қаласының 15 жасар тұрғынын тексеру кезінде асқазанның трихобезоары анықталып, операцияға жіберілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл синдром науқас шаш жұтып қойған кезде қойылады. Салдарынан шаш асқазан-ішек жолында жиналып қалады.

Astana news telegram арнасының жазуынша, елорда дәрігерлері науқастың асқазанынан осындай "шаш ісігін" алды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру өте сирек кездеседі. Асқазанда шатасып жиналған шаштың көп мөлшері трихобезоар ауруының немесе "шаш ісігінің" пайда болуына әкеп соғады,ол асқазанды біртіндеп "бітеп", жұмысының түбегейлі бұзылуына әкеледі. Пішіні бойынша мұндай ісік асқазан пішініне дәл сәйкес келеді.

"Ғылыми мәліметтерге сәйкес, Рапунцель синдромы бар пациенттердің 70 пайызын 20 жасқа толмаған қыздар".Хирург Азамат Оразалинов

Оның айтуынша, қыз балалар ұлдарға қарағанда Рапунцель синдромына жиі ұшырайды. Әйелдердің шашы әдетте ер адамға қарағанда ұзынырақ, сондықтан асқазанның шырышты қабатында қалып қою ықтималдығы жоғары. Бала шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және ол сіңірілмейтін ауқымды массаға жиналады.

Трихофагия және пикацизм (тәбеттің бұзылуы және жеуге жарамсыз заттарды жеуге деген қалау) денесінде темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Ғылымдағы зерттеуге сүйенсек, пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиак ауруын емдегеннен соң ғана шаштың түсуі және оны жұту тоқтаған. 

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: