Екібастұздағы балабақшаның бірінде бала көзін жарақаттап алды

Сурет: pixabay
Екібастұздағы №24 балабақшада сурет салып отырған баланың көзін екіншісі қарындашымен шұқып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды. Әйел баласының көзіне қарындаш кіріп, зардап шеккенін айтып, тәрбиешіні "балаларға қарамады" деп айыптаған. 

Осыдан кейін мектепке дейінгі мекемеде қызметтік тергеу жүргізілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Балабақша басшысы Людмила Лабудько оқыс оқиға 28 сәуірде түстен кейін болғанын айтты. Сол кезде топта 4-5 жастағы үш бала ғана болған. Екеуі үстел басында сурет салып, тәрбиеші олардың жанында отырған. Мұны бейнебақылау камерасы да растайды.

"Сурет салып отырған бала кенет бұрылып қалғанда, екінші баланың көзіне қарындаш тиіп кетеді. Сол кезде бала жылаған жоқ. Көзі ісіп, жарақат алмады. Дегенмен оны дереу дәрігерге қаратты. Тәрбиешілер бірден анасын шақырды", - деп түсіндірді ол.

Осы оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізіп, ата-аналармен әңгімелесіп, бейнебақылау камераларын қараған.

"Бұл оқиғада тәрбиешінің кінәсі жоқ. Бәрі абайсызда болды. Абырой болғанда баланың көзі қатты жарақат алмады. Қазіргі таңда ата-аналардың да талаптары жоқ. Мәселе шешілді", - деп хабарлады білім бөлімі.

Осыдан кейін Екібастұз қаласы әкімдігі мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі мен "Почемучки" тобының тәрбиешісіне сөгіс жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті