Халық қаhарманы атанған Әбдіғали Қаймолдин соғысқа оқушы кезінде аттанған

Сурет: видео скрині
102 жастағы соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдин Семейде тұрады. Халық қаһарманы атанған батыр сұрапыл соғысты жиі еске алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы мектеп оқушысы бола тұра, майданға аттанған. Бұл жылдары, әсіресе, Сталинград түбіндегі шайқас – соғыстың бетбұрыс кезеңі болғаны тарихтан мәлім.

Сол шақтағы Әбдіғали батыр кеудесін оққа тосып ауыр жарақат алса да, жеңіс туының желбіреуіне атсалысты. Ерлігі мен батылдығы үшін ол, қан майданнан бірнеше орден, медальмен оралған. 

"Халқыңды сүй, халқыңды сүйсең халық сені сүйеді. Бауыржан Момышұлы қандай болды. Сол сияқты адал, Отаныңа адал бол. Отан деген сөз "әке" деген сөз". Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин

Қазір Әбдіғали Қаймолдиннің 9 немересі, 4 шөбересі бар.

Еске салайық, бүгін, 8 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 1941–1945 жылдардағы соғыста көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге және 1941–1945 жылдардағы соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Гапичке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – "Алтын жұлдыз" бен "Отан" ордені тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды