Жеңістің 78 жылдығын шымкенттік 3 соғыс ардагері қарсы алды

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Шымкентте Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысып, "Даңқ" мемориал кешеніне гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шарада әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қонақтар "Майдан даласы" алаңына бет алып, Екінші дүниежүзілік соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністерді тамашалады. Қанды соғыс жылдарын бейнелеген қойылымдар көпшілікке ұмытылмас әсер сыйлады.

Қонақтарға майдандағыдай "дала ботқасы" ұсынылды. Өнерпаздар зұлмат кезеңді тақырыпқа арқау еткен "Катюша", "Ана туралы баллада", "Жеңіс күні", "Кестелі орамал" әндерін әуелете шырқады.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғысқа Шымкенттен 23 мыңнан астам азамат аттанды. Қазіргі таңда қалада 3 соғыс,  2 мыңнан аса тыл ардагері тұрады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі