26 мамырда Қазақстанда «Халық заңгері» ауқымды акциясы өтеді

26 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді.

Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмек ала алады.

Олардың арасында - белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының және басқа да қызметкерлер бар.

Бастапқыда акцияға заңгерлер мен адвокаттар қатысты. Уақыт өте келе оларға әкімдіктердің, прокуратуралардың, әділет департаменттерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері, жеке сот орындаушылары, нотариустар, медиаторлар және басқа да мамандар қосылды.

2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам адам кеңес алды.

«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті. Оны қарапайым қазақстандықтар жақсы көрді, ол дәстүрге айналды, оны тағатсыздана күтуде.

Акцияның тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оны өткізу ауқымы мен географиясы бойынша, сондай-ақ форматының бірегейлігі бойынша әлемде баламасы жоқ, өйткені ол барлық қалаларда бір уақытта өткізіледі.


Қазақстан Халық заңгері
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: