Елордада тағы екі көше уақытша жабылды

Сурет: Zakon.kz
Астанада Бейбітшілік және Қараменде би Шақаұлы көшелері бойындағы жол учаскесіндегі қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы екі көше – Бейбітшілік және Қараменде би Шақаұлы бойынша жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Мәселен, жол төсемін орташа жөндеу Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде жүргізіледі. Осыған байланысты учаскеде осы жылдың 23 мамырынан 1 маусымына дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Осыған ұқсас жұмыс С.Бейбарыс көшесінен Ақан сері көшесіне дейін Қараменде би Шақаұлы көшесінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты 23 мамырдан 5 маусымына дейін осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

22 мамырда Астанада тағы үш көшедегі жол учаскесі уақытша жабылған болатын. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды