26 мамырда Қазақстанның оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Сурет: pixabay
Синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 26 ​​мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүсттік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың қалған бөлігінде солтүстік антициклон сілемінің әсерінен күн ашық болады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін