Кітаптарды жинап, демалысқа ерте қамданған мектеп жауапқа тартылады - министрлік

Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрлігі алдын ала кітаптарды өткізу дұрыс емес екенін айтты. Өйткені мұндайда ереже бұзылады, оқу процесі бұзылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектепте кітап жинау басталып кеткен көрінеді. Бұл жайт кешелі бері әлеуметтік желіде қызу талқыда жүр. Ал үйдегі ата-ана мұны түсінбей дал. Сабақтың аяқталуына әлі алты күн бар. Сондағы "апта бойы балалар қалай оқиды, құр бос партада отырып қайта ма?" деп наразы, деп хабарлайды Almaty.tv.

"31-мамырды қоса алғанда сабақтар кестеге сәйкес оқу бағдарламасы бойынша  өтуі керек. Қазір министрлікке келген шағымдардан көріп отырмыз, кейбір мектептерде оқулықтарды табыстау басталыпты. Яғни, ол дұрыс емес. Өйткені ереже бұзылады, оқу процесі бұзылады". ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова

Министр өкілінің айтуынша, оқулықтарды жиып-теріп, демалысқа ерте қамданған жағдайда, тікелей мектеп басшысы жауапқа тартылады. Әкімшілік кодекстегі білім беру ұйымдарының ережесін ескермегені үшін шара қолданылады екен. Ал ата-аналар мұндай олқылықтың соңғы қоңырауды өзгерткеннен кейін орын алғанын айтады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды