Криптовалютамен заңсыз айналысқан қазақстандықтың 1,9 млрд теңгесі тәркіленді

Биткоины, биткоин, криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 13:42 Фото: pixabay
Қостанай облысының тұрғыны бас бостандығынан айырылып, одан мемлекет кірісіне 1,9 млрд теңге, екі автокөлік және 7,9 мың доллардың цифрлық активтері өндірілді. Бұған криптовалютамен заңсыз операциялар жүргізуі себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 27 шілдеде өңір прокуратурасы істің мән-жайын жариялады.

"2026 жылғы 14 шілдеде цифрлық активтердің заңсыз айналымына және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға кінәлі деп танылған Қостанай облысының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Сот оған мүлкін тәркілей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот оны жеті жылға цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, сондай-ақ цифрлық майнингке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

"Облыс прокуратурасының талап қоюы бойынша сотталған азаматтан мемлекет кірісіне 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Сонымен қатар сот 13,4 млн теңге көлеміндегі ақшаны, екі жеңіл автокөлікті және 7,9 мың доллардың цифрлық активтерін мемлекет кірісіне тәркіледі", – деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында сотталған азаматтың 2020–2024 жылдар аралығында тиісті рұқсатсыз Binance платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді P2P форматында сатып алу және сату бойынша заңсыз қызмет ұйымдастырғаны анықталды.

"Қаржылық операцияларды жүргізу үшін сотталған азаматтың өзінің, сондай-ақ оның туыстары мен өзге де адамдардың атына рәсімделген банк шоттары пайдаланылған", – делінген прокуратура хабарламасында.

Заңсыз әрекетінің нәтижесінде ол жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асатын кіріс алған. Қаражаттың қылмыстық жолмен алынғанын жасыру мақсатында оны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: