Алматыда субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Тергеу ұсталғандардың басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Алматы облысынан 32 жастағы А. есімді бикеш және Түркістан облысының тұрғындары – 23 жастағы Н. есімді азамат және 28 жастағы С. есімді азамат күдікті деп танылды.

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен күдіктілерді ұстады. Шағын бизнеске субсидия алуға көмектесеміз деген желеумен жастар қызметтері үшін ақша алып, уәдесінде тұрмаған. Тергеудің осы кезеңінде күдіктілердің осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сараланады. Күдіктілер қамауға алынды", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Тергеу ұсталғандардың басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері, азаматтарды күдіктілерді таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарлауға шақырады: 8 (727) 227-55-02 және 8-777-235-55-15. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін