Өскеменде қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмейді

Сурет: Zakon.kz
Өскемендегі шеткі шағын аудан тұрғындары қоғамдық көліктердің жүру кестесіне наразы. Автобус мәселе бойынша бұған дейін жолаушылар бірнеше рет шағымданған болатын.

Әсіресе таңертең-кешке автобус жүрмегендіктен халық таксимен кетуге мәжбүр. 2-3 сағат кешігіп келген автобуста ине шаншар орын болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан кейбір аялдамаларға тоқтамай кетеді. Амалы таусылаған тұрғындар тасымалдаушы компанияларды сотқа беріп жеңіп шыққан.

Бірақ одан да нәтиже болмады. Жолаушылардың арыз-шағымын тыңдаған қала әкімдігіндегі осы салаға жауапты тұлағалар міндетін дұрыс атқармаған тасымалдаушыларға қатысты келісім-шарт қайта қаралатынын жеткізді.

"Қаланың шеткі шағын аудандарына қызмет көрсететін тасымалдаушы үш компанияның біреуі өз жұмысын дұрыс атқармай отыр. Оған бірнеше рет ескерту жасалды. Бірақ еш оң нәтиже жоқ. Сондықтан жақын күндері бұл компанияның жұмысына қатысты мәселені сот арқылы шешеміз. " Арман Ысқақов, қала әкімінің орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды