Қорғаныс министрінің орынбасары Павлодарда алғашқы әскери даярлық сыныптарын ашты

Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 13:14 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков, облыс әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары, педагогтер, мектеп оқушылары, студенттер және қоғам өкілдері қатысты.

Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 13:14

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жаңа мамандандырылған сыныптар заманауи құрал-жабдықтармен, оның ішінде робототехникалық кешендермен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықталған. Олар оқушылардың әскери қызмет туралы білімдерін кеңейтуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытуға арналған.

Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 13:14

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Оқушыларға арнаған сөзінде генерал-майор Асқар Мұстабеков өмір жолын саналы түрде таңдаудың және жастарға ерте кәсіби бағдар берудің маңыздылығын атап өтті.

"Мамандандырылған сыныптар сіздердің Қарулы күштер мен әскери қызмет туралы білімдеріңізді кеңейтіп қана қоймай, бойларыңызда тәртіптілік, жауапкершілік, командалық рух пен алға қойған мақсаттарға жетуге деген ұмтылысты қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп қабырғасынан бастап ел мен қоғамға пайдалы болуды үйрену маңызды", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 13:14

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Естай атындағы Мәдениет үйінде қала тұрғындары үшін атыс қаруы мен қару-жарақ үлгілері қойылған әскери-тарихи экспозиция да ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінің офицерлері жастарға әскерге шақыру және мерзімді әскери қызметті өткеру тәртібі, әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ әскери қызметін өткерген азаматтарға заңнамада көзделген жеңілдіктер туралы айтып берді.

Әскери қызметшілер № 48 және № 25 мектептерде "Ерлік сабақтарын" өткізді. Оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті қызметі, әскери мамандықтар және Қарулы күштердегі кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Павлодар қаласында Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ұйымдастырған "Біртұтас ел – біртұтас жер" патриоттық акциясы аясында № 48 және № 7 орта мектептерде алғашқы әскери дайындық сыныптарының ашылу рәсімі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 13:14

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Павлодар қаласындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде жалғасты. Қала тұрғындарына келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру, бос жұмыс орындары, үміткерлерге қойылатын талаптар және әскери қызметшілерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат ұсынылды.

Алдағы күндері Қорғаныс министрлігінің өкілдері осындай іс-шараларды Ақсу және Екібастұз қалаларында да өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: