Алматы облысында 316 адам деструктивті дін ағымынан құтқарылды

Сурет: pixabay
Облыстық дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» «АИК» – «Аналитикалық интернет карта» бағдарламасы арқылы интернет кеңістігінде талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының діни ахуалды талдау, ақпараттық-насихаттау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Ерлан Матаев өңірлік коммуникациялар алаңында хабарлады.


"Мониторинг жұмыстары аясында облыс аумағында әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан тұтынушыларды анықтауға ерекше назар аударылуда. Осы орайда деструктивті діни идеологияны насихаттайтын ақпараттар жариялаған 40-қа жуық азамат анықталып, жуырда облыс аумағындағы 1 азаматқа (Жамбыл ауданы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды", – деді өз баяндамасында Ерлан Матаев.

Мамандардың айтуынша, адамдарды арбаудың ғаламторлық әдісі қалыптасқан жүйе негізінде жүзеге асады. Алдымен ислам тарихы, ата-анаға құрмет сынды ғибратты әнгімелермен аудиторияны баурайды, келесі кезеңде дінді саясиландырады, яғни, билікті табалап, заңды қаралап, айналасына өшпенділік оятады. Шариғатқа қарсы деген желеумен дәстүрді даттап, ұлттық болмысымызды құнсыздандыруға тырысады. Салдарынан адам отбасынан ажырап, ортасынан алыстайды.

Облыс аумағында деструктивті діни контенттерге тіркелген азаматтар саны "Инстаграм" әлеуметтік желісінде 13158 адамға жекен. Сондай-ақ, 854 бірлестік топ, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде 438 қолданушы, 204 топ бар. Теріс бағыттағы діни контенттерге тіркелген азаматтардың басым бөлігі Талғар, Қаскелең, Қонаев қаласынан екені анықталған. Жыл басынан бастап деструктивті діни контенттерге тіркелген облыс азаматтарына ескерту ретінде 1800 хабарлама жіберілді. Олардың ішінде 316 адаммен кері байланыс орнатылып, деструктивті топтардан шығарылған.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады