Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді

Сурет: instagram/kurak_korpe_almati
Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді. Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан.

Бұл ерекше көрпе Гиннес рекордтар кітабына енді. «Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті.

Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.

"Біздің осы жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақтың құрағын әлемге паш ету, әлемге «қазақтың құрағы керек» деген ұғымды енгізу және халқымыздың ауызбіршілігін көрсету. Өйткені 200-ден астам қатысушы көрпені бір түсте, бір техникада тігіп келді. " Нұргүл Абайханқызы, қолөнер шебері

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды