СҚО-да 180 тонна улы химикат төгілді

Сурет: pixabay
Төтенше жағдай Шал ақын ауданы, Афанасьевка ауылы маңында мамыр айының соңында болған. Бірақ бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіге енді ғана тарады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, серіктестік басшысы апат салдарын жасыру үшін жұмысшыларын жұмсаған.

Құрамында аммиак бар химиялық заттан ағаштар мен шөп сарғайып, мал өлімі де тіркелген. Әзірге оқиға орнында полиция қызметкерлері болып, іс қағаздар жинады, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

 Ал экологтар жоспардан тыс тексеріс тағайындады. Оған санитар мамандар, жер инспекциясы секілді құзырлы органдар да қатысады.

"Төгілген зат «Каз - 32» осы минералды тыңайытқыштар болып табылады. Оның ішінде аммиак деген зат бар екені белгілі. Енді бұл таңда біздің өз құзыретімізде мемлекеттік экологиялық сараптама өтті ме, өткен жоқ па сол мән–жайын қараймыз. Біздің департаментімізде осы минералды тыңайтқыштарды зерттеу бойынша аккредитация жоқ. Бұған қатысты басқа мамандарды қосу керек." Азамат Бектасов, Экология департаментінің басшысы


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме