Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды

Сурет: Instagram/kanat_sveta_aitbayevtar
Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы бұл фәнимен қоштасты.

Қаралы хабарды журналист Бауыржан Бабажанұлы өз facebook парақшасында бөлісті. 


"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Канат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар"! - деп жазды журналист. 

2019 жылдың желтоқсанында танымал әнші Димаштың Құдайбергеновтың атасы Құдайберген Айтбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталған. 

Әнші Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өсіп, тәрбиеленген. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдығын, яғни алтын тойларын өткізген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай